"Ата-ана бала тәрбиесіне кеш қалмайық" » Общеобразовательная школа им.Аубакирова. Мақтаарал ауданы. Мактааральский район
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ата-ана бала тәрбиесіне кеш қалмайық"
07
апрель
2023

"Ата-ана бала тәрбиесіне кеш қалмайық"

⚜Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "Т.Әубәкіров атындағы #43 жалпы орта мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Ата-ана бала тәрбиесіне кеш қалмайық" тақырыбында жалпы мектеп ата-аналар жиналысы өткізілді.
🔹Жиналысты мектеп директоры  М.П.Аккулиев ашу барысында бала болашақ ұрпақ екендігін,  тәрбиенің үйден басталатынын айтып өтті.
🔹ДТІЖО Р.Т.Аманова жинылыс:  барысында-бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті екенін, кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді? Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат,- деп, ата-аналармен "өз баламды жақсы білемінбе" тақырыбына сұрақ-жауап өткізді.
🔹ДОІЖО И.Е.Джайнаров ата-аналарға оқушылардың ІІІ тоқсандағы білім сапасы туралы баяндап, балалардың сабағын үйде де қадағалап отыруын тапсырды. Сондай-ақ, онлайн мектеп платформасының жүйелі жұмыстары жайлы айтып өтті..
🔹Жиналыс барысында мектеп инспекторы Б.Алиев ата-аналарды  бала конвенциясымен таныстырып өтті.  Яғни, бала құқықтарының болуы, оның сақталуы, оған құрметпен қарау керектігін түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, қазіргі таңда балалар арасында құқықбұзушылықтың белең алып бара жатқандығын, балаларды мұғалімдермен қатар үйде де ата-аналар қатаң бақылауда ұстау керектігін ескертіп, түнгі мезгілде кәмелетке толмаған жасөспірімдердің көшеде, дүкенде, мешітке жалғыз бармай, үлкендердің қарамағында болу керектігін ескертіп өтті.
🔹 Жиналыс барысында 10 сынып жетекшісі Г.Тастанова ата - аналармен "Баламды қалай танимын" атты ойқозғау тренингін өткізді. Тренинг сынып жетекші мен ата-ананың тығыз байланыста болу қажет екендігін көрсетті.
🔹Әлеуметтік педагог Ж.Алиева ата-аналардан "Әкенің отбасындағы рөлі" тақырыбында сұрақ-жауап алды. Отбасында әке бала тәрбиесімен қаншалықты байланыс орнатқандығын сұрақ-жауап барысында анықталды.
🔹Мектеп психологтары ата-аналармен "Менің балам..." тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг өмірде балаларға қойылатын әрбір шектеу болашағының әрбір сатысында қойылған бұғат екенін көрсетті.
🔹Жиналыс соңында, ата-аналар кері байланыс жасап, сұрақтар қойып, нақты жауаптарын алып қайтты.
📌Мақсаты:⤵️
1. Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту.
2. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.







Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив