"ЖІГІТ СҰЛТАНЫ - 2024" БАЙҚАУЫ.

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Т.Әубәкіров атындағы N43 ЖББМ коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 3 мамыр күні "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" тұжырымдамасын іске асыру барысында бастауыш сынып мұғалімі А. Полатованың ұйымдастыруымен 2 "Ә" сынып оқушылары арасында "7 мамыр — Отан қорғаушылар күні" мен "9 мамыр —Ұлы Жеңістің 79 жылдығына" орай "Жігіт сұлтаны—2024" байқауы өткізілді.

Байқау 7 кезеңнен тұрды.
1 кезең «Таныстыру»
2 кезең «Білімді мыңды жығар,білекті бірді жығар» сұрақ-жауап.
3 кезең «Атадан қалған асыл сөз» мақал-мәтел сайысы
4 кезең «Картоп ашу»
5 кезең «Күш сынасу» яғни «Қол күрес»
6 кезең «Нысанаға тигізу»
7 кезең «Өнерлі өрге жүзер»
кезеңдері бойынша өзара күш сынасты.

Сайыс қорытындысы бойынша:

Бас жүлде «Белсенді жігіт» Шамшиев Олжас

1-орын «Қайратты жігіт» номинациясымен Элесбай Даниял

2-орын «Жігерлі жігіт» номинациясымен Омирбеков Бекполат

3-орын «Намысты жігіт» номинациясмен Омирбеков Бекполат

Ақылды жігіт Базарбаев Азамат марапатталды.

Сайыс жеңімпаздарына ДОІЖО Р. Т. Сарманова мақтау қағаздары мен сыйлықтар табыстады.
