Оқушының міндеті » Общеобразовательная школа им.Аубакирова. Мақтаарал ауданы. Мактааральский район
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
май
2016

Оқушының міндеті

Оқушы сабаққа таңертеңгі жаттығуға (8.40 ) 20 минут қалғанда келеді; таза, ұқыпты киінген, сыртқы киімін киім ілгіште қалдырады.
Оқушы мектеп бағдарламасына сәйкес үй тапсырмасын орындауға міндетті. Сабаққа керекті жазу құралдары, дәптер, керекті оқушылықтар әкелуі керек.
Мектепке ешқандай мақсатпен де қару (соның ішінде пышақ), жарылғыш заттар, спирттік ішімдіктер, темекі, наркотик, басқа да естен айратын заттар, улы заттар әкелуге болмайды.
Сағыз шайнауға болмайды, плеер, мобильді байланысты сабақ үстінде қолдануға болмайды.
Оқушылар мектептің қызметкерлері мен осы мектепте оқитындардың сыйластығын құрметтеуі керек.
Нәсілдік бөлу, күш қолдану, қорқыту, қорлау сияқты мінездің мектеп мүлдем қарсы.
Барлық оқушылар мектеп құрылысына, мектеп ауласындағы жұмыстарға шамасының келгенінше көмектеседі.
Оқушылар мектеп, өзінің және басқаның мүлкін сақтауға, мектеп ауласында тазалық пен тәртіпті сақтауға тиіс. Оқушы мектеп мүлкін бүлдірсе, оның ата-анасы орнына келтіруі керек.
Біреудің затын иемденген оқушыларға тәртіптін шаралар, тіпті қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.
Жоғалған немесе ұмытып кеткен біреудің затын кезекші мұғалімге немесе әкімшілікке тапсыру керек.
Сабақ кезінде медбикенің немесе мұғалімдердің рұқсатынсыз мектептен кетуге болмайды.
2. Оқушылардың сабаққа дейін, сабақтан кейін және үзіліс кезіндегі өзін-өзі ұстауы
Үзіліс кезіндегі оқушының міндеті:
-өзінің жұмыс орнын тәртіпке келтіру, тазарту;
-мұғалім өтінсе сыныптан шығу;
-мұғалімнің талаптарына бағыну
Үзіліс кезінде оқушы мектептің ішінде оқушының қауіпсіздігі үшін тыйым салынған (мектептің төбесі, подвал, схана, физикалық, химиялық лаборатория) орындардан басқа жерлерде еркін жүруіне болады.
Үзіліс кезінде оқушыларға әкімшіліктің және сынып жетекшінің рұқсатынсыз мектеп ауласынан шығуға болмайды. Үзіліс кезінде оқушыларға бірін-бірі итеруге, бір нәрсені лақтыруға, күш қолдануына болмайды.
Терезе жақтауында отыруға, өз бетімен терезені ашуға қатаң тыйым салынады.
Үзіліс кезінде оқушылар баспалдақтармен жүгіруге, ойынға арналмаған жерлерде, терезеге жақын жерлерде жүруіне болмайды.
Кезекші сынып, кезекші мұғалімге үзіліс кезіндегі тәртіпке көмектеседі.
3. Сабақ кезіндегі тәртіп
Мұғалім сыныпқа кіргенде оқушылар орындарынан тұрады, амандасады. Осы жағдай сабаққа үлкен кісілер келгенде (компьютермен жұмыс істеп отырған кезден басқа) қайталанады.
Сабақ кезінде өзінің де өзгенің де керекті білімін алуына кедергі жасайтындай шу, бөтен әңгіме, сабаққа керек емес нәрселер болмауы керек.
Сабақ кезінде оқушы мектептің құрал-жабдығын пайдалуына болады.
Сабақ біткен соң қайтаруы керек.Оларға ұқыпты, сақтықпен қарауы керек.
Егер оқушы мұғалімге сұрақ қойғысы келсе, не жауап бергісі келсе қолын көтереді.
Оқушының сыртқы түріне кеңес.
Оқушы мектепке сабаққа арналған мұнтаздай таза киіммен келу керек.
Киім жас ерекшілігіне сәйкес және иесінің өзіне, ортасына құрметіне білдіретіндей болуы керек.
Оқушының мектепке зергерлік бұйымдарды көп тағып келмеуіне, опа-далапты шектен тыс пайдаланбауына кеңес береді.
Мектепке барлық оқушылар ауыстыратын аяқкиім әкелуі керек.
Спорттық үлгідегі киімдерді дене шынықтыру сабағында ғана кию керек, басқа сабақтарда кию дұрыс емес. Ерекше жағдайда болмаса, мектепте сырт киіммен жүруге рұқсат етілмейді.
Еңбек сабағында ұлдар жұмыс халатын, қыздар - алжапқыш, сәйкес бас киім киеді.
Салтанатты жиындарға оқушылар талғамға сай киімдер киеді: қыздар - қара түсті юбка немесе шалбар, ашық тусті кофта, ұлдар - қара түсті костюм және ашық түсті көйлек. Мүмкіндігінше соңғы үлгідегі галстук.
Мерекелік кештерде, концерттерде оқушылар өз таңдауы бойынша киеді.
5. Сыныптағы және мектептегі кезекшінің міндеті
Кезекшілер сынып кезекшілігіне сәйкес белгіленеді.
Кезекшілер мұғалімге сыныпты келесі сабаққа дайындауға көмектеседі, жинастыру жұмыстарын жүргізеді.
Үзіліс кезінде кезекші оқушы сыныпты желдетеді, мұғалімнің келесі сабаққа керекті көрнекіліктерін ілуге көмектеседі, мұғалім өтінсе дәптерлерді таратады.
Сабақ соңында кезекші оқушылар сынып бөлмесін келесі оқу күніне дайындайды
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Ralphbep
14 января 2020 13:33
Посмотрите мой сайт он тут

----


mobiledit скачать бесплатно на русском языке

----

разные шарики тут

----


шары с перьями

Если у вас нет сейчас денег, то можно занять

-----


займы онлайн

----

Здесь можно приобрести шарики

----


шары гелевые с доставкой москва