20
апрель
2024
«Таза Қазақстан»
«Таза қазақстан» тазалық акциясы аясында Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты «Т. Әубәкіров атындағы №43 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Республика деңгейінде ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы барысында мектеп қызметкерлердің, мұғалімдер мен кіші қызметкерлері қатысуымен сенбілік жұмыстары атқарылып жатыр.
2024жыл 20- сәуір күні бір айға бекітілген жоспардың екінші аптасы
“Киелі мекен”акциясы аясында Мектеп қызметкерлері білім беру мекемесіне қарасты көшелерін толығымен қоқыстан тазартып, көшелерді арам шөптерден тазартып шықты.
Мектеп ғимаратын жуып тазалап,көктемгі тазалық жұмыстарын жасады.
« Әкелер аллеясына» гүл шоқтары мен көшеттер отырғызылды.
Мектебіміздің барлық қызметкерлері тазалық акциясына шынайы белсенді қатысып ат салысуда.