20
апрель
2024
«Таза Қазақстан» 2
Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша жүріп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына Түркістан облысы Т.Әубәкіров атындағы N43 жалпы білім беретін мектебі де белсене қатысуда.
Акцияның басты мақсаты – қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау қағидаттарын қалыптастыру.
22-27 сәуір аралығында өтіп жатқан «Жасыл аймақ» апталығы шеңберінде көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары қызу жүргізілуде.
Сондықтан облыс тұрғындарын, жастарын алдағы апталықтарға да белсенді қатысуға шақырамыз!