24
апрель
2024
👨🎓 «Мамандықтар еліне саяхат»
«Мамандықтар еліне саяхат»
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты « Т.Әубәкіров атындағы N43 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 9 сынып оқушылары Мақтаарал аграрлық-гуманитарлық колледжіне кәсіптік бағдар беру мақсатында саяхатқа барды. Саяхат барысында білім беру ұйымы базасында оқытылатын мамандықтар бойынша ақпарат берілді. Оқушылардың белсенділігі өте жоғары дәрежеде болды, колледж жастарының мерекелік іс-шарасын тамашалап, жақсы көңіл-күймен қайтты.
Мақсаты: Мектеп оқушыларын болашаққа қажетті мамандықтар мен таныстыру. Болашаққа бағыт-бағдар беру, белгілі бір мамандық иесі болуына көмек қолын созу.