16
январь
2023
«Қызға қырық үйден тыю»
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "Т. Әубәкіров атындағы №43 жалпы орта мектебі "коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 11.01.2022ж. күні ДТІЖО Р.Т.Аманованың ұйымдастыруымен 8-11 сынып қыздарымен «Қызға қырық үйден тыю» тақырыбында қыздар кеңесі өткізілді. ДТІЖО Р.Т.Аманова қыздарға жүріс-тұрысы, жеке бас гигиенасы, мектепте өзін-өзі ұстау тәртібі, мектеп формасын сақтауы жалпы қыз балаға тән сыпайылық пен инабаттылық қасиеттерін сақтауы туралы айтып өтті. Қазіргі заманда қыз тәрбиесі мен ұл тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді.Ұл тәрбиелей отырып,жер иесін тәрбиелейміз,қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз-деп бекер айтпаса керек. Халқымыздың ерте кезден- ақ Адамгершілікті, әдепті жоғары бағалай білген. Жақсы тәрбие алған үлгі өнеге көрген ұлдар жау келгенде де жайдақ тақа мініп шабатын өжет,батыл, адал, жеріне туған халқына ыстық ықыласты, үлкенге де , кішіге де қамқор бола білген ғой. Әдептілік,инабаттылық сыйлау жағынан халқымыз алдыны жан салмаған. Ұл бала –қазақта шаңырақ иесі, ер азамат , ата-ананың түтінін түтетуші . Ер бала өз ата-анасына ,іні-қарындастарына қамқоршы , ел қорғаны болып саналады деп өз сөзін қорытындылады.






