"Оқушылардың оқу-тәрбие ісін жандандыру"
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "Т.Әубәкіров атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ДТІЖО Р.Т.АМАНОВАНЫҢ ұйымдастыруымен "Оқушылардың оқу-тәрбие ісін жандандыру" тақырыбында 8-11 сынып бойынша ата-аналар жиналысын өткізілді. Жиналыс барысында ДТІЖО Р.Т.АМАНОВА оқушылардың сабаққа қатынасы, тәртібі, формасы туралы, жалпы мектеп ережесіне қайшы іс-әрекеттердің салдарын ата-аналарға кеңінен түсіндіріп өтті.