
Бүгін Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "Т. Әубәкіров атындағы №43 жалпы орта мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ДОІЖО-лары И.Жайнаров пен Р.Сарманованың ұйымдастыруымен «Қош келдің әз-наурыз» тақырыбында Әдістеме бірлестік жетекшілері арасында қазақтың салт-дәстүрлерлерінен сайыс өткізілді.
⠀

Іс-шараны мектеп директоры М.П.Аккулиев ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
⠀

Байқауға мектеп директоры М.П.Аккулиев, ДОІЖО Р.Сарманова және Физика пәні мұғалімі Қ.Аликулов қазылық жасады.
⠀

Байқау қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасының шешуімен:

Бас жүлдені Бастауыш пән бірлестік мүшесі-У.Рахимбердиева,

І орынды Химия, биология, география пән бірлестік мүшесі-Д.Доскалова,

ІІ орынды Ағылшын пән бірлестік мүшесі-А.Қойлыбаева,

ІІІ орынды Қазақ тілі пән бірлестік мүшесі-Ж.Аллабергенов,

«Ибалы ару» номинациясымен математика пән бірлестік мүшесі-Ф.Орманова,

"Көрікті ару" номинациясымен Орыс тілі пән бірлестік мүшесі-Н.Ганиева,

«Білімді сері» номинациясымен
Технология пән бірлестік мүшесі-Б.Мирзаев,

«Өнерлі сері» номинациясымен Дене шынықтыру
пән бірлестік мүшесі-Ж.Парахатов марапатталды.
⠀

Қатысушыларға Мадақтау қағаздарымен ынталандыру сыйлықтары табысталды.

































