«Бір шаңырақ астындамыз» » Общеобразовательная школа им.Аубакирова. Мақтаарал ауданы. Мактааральский район
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
март
2024

«Бір шаңырақ астындамыз»

⚜Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының бөліміне қарасты "Т. Әубәкіров атындағы №43 жалпы білім беретін  мектеп " коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 01.03.2024 күні  «1 наурыз-алғыс айту»  мерекесіне орай «Бір шаңырақ астындамыз» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
🔹Іс-шара басында мектеп директоры М.П.Аккулиев мерекелік құттықтау сөз айтып- Алғыс айту күні - бейбітшілік пен достыққа, тыныштық пен ынтымаққа үндейтін мереке, бұл кең құшақ құрмет - еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне, халқымыз үшін айтулы ізгі дәстүрге айналғанын, жалпы, бұл күн қиын-қыстау кезеңдерде қуаныш пен қайғыны қатар бөлісіп, пана бола білген қазақ халқына өзге ұлт өкілдерінің алғыс айтатын сәті екендігін айтып өтті.
🔹ДТІЖО Р.Т.Аманова  өз құттықтау сөзін жалғастыра отырып- Бұл күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні болады. «Алғыс айту күні» – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейірімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні екендігі туралы айтып кетті.
 ДОІЖО И. Джайнаров сөз алып,  ол өз сөзінде  бірлік пен татулық тәуелсіздіктің басты құндылығы екендігін, оны сақтау жолында әрбір азамат саналы түрде өз үлесін қосуы қажеттігін айтып өтті. 
Іс-шара барысында қоғамдық іс-шараларға белсене қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. 
✨Іс-шарада әр сыныпқа бөлініп берілген ұлттардың ұлттық билері биленіп, тағамдары тартылды.
🔹Сахнада  әр түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық костюмдерін киген оқушылар өздерінің ұлттық тілде құттықтау сөздерін айтып,  сол ұлттық өнерін көрсетті. 
✨Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өте қызықты өтті. Оқушылар іс-шараға белсене қатысып, ұстаздармен қоса бір-біріне алғыстарын жаудырды.
📌Мақсаты:⤵️
Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру;
Үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту;
Әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив