«1 наурыз-алғыс айту» » Общеобразовательная школа им.Аубакирова. Мақтаарал ауданы. Мактааральский район
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
март
2023

«1 наурыз-алғыс айту»

⚜Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "Т. Әубәкіров атындағы №43 жалпы орта мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 01.03.2023 күні  «1 наурыз-алғыс айту»  мерекесіне орай «Бір шаңырақ астындамыз» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
🔹Іс-шара басында мектеп директоры М.П.Аккулиев мерекелік құттықтау сөз айтып- Алғыс айту күні - бейбітшілік пен достыққа, тыныштық пен ынтымаққа үндейтін мереке, бұл кең құшақ құрмет - еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне, халқымыз үшін айтулы ізгі дәстүрге айналғанын, жалпы, бұл күн қиын-қыстау кезеңдерде қуаныш пен қайғыны қатар бөлісіп, пана бола білген қазақ халқына өзге ұлт өкілдерінің алғыс айтатын сәті екендігін айтып өтті.
🔹ДТІЖО Р.Т.Аманова  өз құттықтау сөзін жалғастыра отырып- Бұл күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні болады. «Алғыс айту күні» – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейірімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні екендігі туралы айтып кетті.
✨Іс-шарада әр сыныпқа бөлініп берілген ұлттардың ұлттық билері биленіп, тағамдары тартылды.
🔹Ортаға Шаңырақ  шығарылып, астында әр түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық костюмдерін киген оқушылар өздерінің ұлттық тілде құттықтау сөздерін көпшілікке арнады.
✨Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өте қызықты өтті. Оқушылар іс-шараға белсене қатысып, ұстаздармен қоса бір-біріне алғыстарын жаудырды.
📌Мақсаты:⤵️
Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру;
Үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту;
Әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу




















Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив