
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "Т.Әубәкіров атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Аға тәлімгер К.Кушербаеваның ұйымдастыруымен оқушылар арасында 1 Наурыз алғыс күніне орай "Мың алғыс" челленджі өткізілді.
⠀

Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.
Жыл сайын 1 наурыз Қазақстанда Алғыс айту күні ретінде атап өтіледі.
⠀

Мақсаты:
Мерекеде оқушыларды жақындары мен айналасындағыларға алғыс білдіруге шақыру. Бұл күні мейірімділік пен ашықтықты, бір-біріне деген ізгі ниетін білдіруге үйрету.
https://www.facebook.com/100029911025581/videos/2734095790068992/