І жартыжылдықта атқарылған жұмыстарының есебі. » Общеобразовательная школа им.Аубакирова. Мақтаарал ауданы. Мактааральский район
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » І жартыжылдықта атқарылған жұмыстарының есебі.
28
декабрь
2023

І жартыжылдықта атқарылған жұмыстарының есебі.

Түркістан облысы
Мақтаарал ауданы
 «Т.Әубәкіров атындағы №43 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  І жартыжылдықта  атқарылған  жұмыстарының есебі.
2023-2024 оқу жылында 11 сынып оқушылары  арасында   «Алтын белгіден»  үміткер оқушылар -4,  «Үздік аттестатқа»  үміткер оқушылар -1,
9 сынып оқушылары арасында   «Үздік  аттестатқа»  үміткер оқушылар –4
       «Т.Әубәкіров атындағы №43 жалпы білім беретін мектеп» бөлімінде  109 қызметкер жұмыс атқарады. Оның ішінде Педагог қызметкерлер саны- 81.Кіші қызметкерлер саны - 28. 
Педагогтардың санаты бойынша:
Педагог-Модератор- 15 (17,44%)
Педагог- сарапшы - 28 (32,56%)
Педагог- зертеуші- 17 (20%)
Педагог-шебер- 4 (5%)
Санатсыз – 21 (24,42%)
   Т.Әубәкіров атындағы №43 жалпы білім беретін мектеп мекемесінде 669 оқушы білім алуда.
МАДТ – 3 топ – 42 оқушы 
1-4 сыныптар – 19 сынып – 274 оқушы 
5-9 сыныптар – 20 сынып – 292 оқушы 
10-11 сыныптар – 5 сынып – 61 оқушы 
Жалпы сынып комплектісі – 47 сынып. 
Балалар екі ауысымда  оқиды, үйде оқытылатын балалар саны -7 оқушы.
Т.Әубәкіров атындағы №43 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде атқарылған  жұмыстарға тоқталып өтсем:
Ұстаздардың жетістіктері 
     Облыстық «SMART САБАҚ-2023» тақырыбындағы байқауында метамодернистік дәуір талабына сай «Meta skills» дағдыларымен қатар, білім беруде айқын мақсаттарына жетудің нақты уақытын көрсете отырып, белгіленген мақсат параметрлері негізінде оларды нақты тұжырымдауда ұстаздық менің, өзіндік ізденіс өрісін көрсетудегі жетістігі үшін  аудандық байқауда биология пәні мұғалімі Худайкулова Кимматгуль  І орынды, облыстық кезеңде ІІ орынды иеленді. Ағылшын тілі пәні мұғалімі Қойлыбаева Айгерім аудандық кезеңде І орынды иеленіп, облыстық кезеңде  ІІІ орынды иеленді. 
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде бастауыш сынып мұғалімі  Полатова Айгүл Жамантаевна І орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.  
Бастауыш сынып мұғалімі Атабаева Сұлухан аудандық «Үздік мұғалім» сайысынан І орынды иеленіп, облыстық кезеңде ІІ орынды жеңіп алды.
     «Педагогикалық идеиялар фестивалі» аудандық байқауында озат тәжірибесін көрсетіп, білім беру жүйесінің басты тұлғасы мұғалімнің мәртебесін арттыру , заманауи кәсіби дамуындағы инновациялық идеялары озық болып табылғаны үшін қосымша білім беру педагогы Ганиева Агзия  «Сабақ аяқталған соң.....» бағыты бойынша І орынды иеленді, облыстық кезеңде бас жүлдені иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды. «Педагогикалық идеялар фестивалі» аудандық байқауында озат тәжірибесін көрсетіп , сынып жетекші жұмысының қыр-сырын ашып беріп математика пәні мұғалімі Исақ Динара «Сабақ аяқталған соң.....» бағыты бойынша ІІ орынды иеленді. «Педагогикалық идеиялар фестивалі» аудандық байқауында озат тәжірибесін көрсетіп өз шеберлігін бөлісіп әлеуметтік педагог Алиева Жанар  алғыс хатпен марапатталды. 
 Қазақтың көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы этнограф қоғам қайраткері Ы.Алтынсариннің туған күніне орай ұйымдастырылған дәстүрлі «ІІІ Ыбырай жазулары» аудандық байқауында ІІІ орынды ағылшын тілі пәні мұғалі Джалалова Жулдыз иеленді.
Оқу-ағарту министрлігінің №514 бұйрығына сүйене отырып «Мұрагер» республикалық журналының ұйымдастырылуымен өткен  «Абай оқулары», «Мұқағали оқулары» байқауларынан 39 оқушымыз І орынды, 25 оқушы ІІ орынды иеленді. Жетекшілер: Ембергенова Балжан, Сарыбаева Баян, Джурабекова Қалсапар, Шубаева Феруза алғыс хаттар мен құрмет грамоталары мен марапатталды. 
Оқушылардың жетістігі: 
     9 сынып оқушысы Ганибаева Гулжайна Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Алибекова Тарбия. 8 сынып оқушысы Оразбай Жансая ғылыми жобалар конкурсында ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Қойлыбаева Айгерім. Математика пәнінен «Алтын сақа» олимпиадасының аудандық кезеңінде IIІ орын иеленгені үшін мектебімізден 5-сынып оқушысы Маханбетияр Кәусар   марапатталды. Жетекшісі: Мырзакеримова Ельмира . 
 Аудандық "Ұлттық мектеп - лига" кіші футбол лигасынан 7-8 сынып ұлдар арасындағы  өткен аудандық жарыстан мектеп атынан шыққан "Қайсар" командасы сайыста жүлделі 1 орынды иеленді. 9-11 сынып ұлдар арасында өткен аудандық жарыстан  ақтық жарыста жүлделі  1 орын иеленіп жеңіс тұғырынан көрінді.
Қауіпсіздік 
Қазіргі таңда, мектебіміз 100 % дабыл батырмаларымен қамтылып облыстық полиция  департаментінің жедел басқару органына қосылды және бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген. Мектеп ғимараты  бейнебақылаумен қамтамасыз етілген. Бір қабаттан ,қосымша ғимарат екі қабаттан тұрады.  Жалпы мектеп бойынша 16 бейнебақылау камерасы орнатылған. Оның 10 бейнебақылау камерасы ғимарат ішінде (дәліздерінде) орналасқан, 6 бейнебақылау камерасы ғимарат сыртында орнатылған (мектеп ауласында) бейнебақылауменқамтамасызетілген;
- адамдар жаппай жиналатын жерлерде балаларды бақылау және қадағалау мүмкіндігі (ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі №191 қаулысына сәйкес) жасалынған. Бейнебақылау түсіру бойынша сақтау мерзімі 30 күн. Мектеп ғимаратында орналасқан бейнебақылау камераларының арасында істен шықан бейнебақылау камералары жоқ.
Оқулықпен қамтамасыз ету
    2023-2024 оқу жылына мектеп қорына  2387  дана оқулық  берілді. Қазіргі таңда оқушылар 100%  оқулықпен қамтылған.
Тәрбие саласы бойынша:
2023-2024  оқу жылында 1 қыркүйек  Білім күні мерекесіне орай  "Мектебім-мейірім мекені" тақырыбында алғашқы қоңырау мерекесі болып өтті. 
2023  оқу  жылдың  5- 15 қыркүйек аралығында күні  ҚР Тілдер мерекесіне байланысты  «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі»  атты мерекелік ашылу салтанаты өтті.Іс-шара барысында ашық сабақтар, дөңгелек үстел, әдеби кештер  ұйымдастырды.
          ҚР Тілдер мерекесіне байланысты  «Мәңгілік ел -  мәртебелі тіл » тақырыбында 5 қыркүйек пен 15 қыркүйек аралығында өткізілген  онкүндік  мерекелік іс-шарамен қорытындыланды..
Қосымша білім беру педагогтарының ұйымдастыруымен «Жақсы кітап жан азығы» атты іс-шараболып өтті. 
  1-қазан «Халықаралық қарттар күнін» атап өту мақсатында іс – шаралар  жоспары бекітілді. «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты сынып сағаттары,  1-4 сыныптар арасында «Қарттарым асыл қазынам» тақырыбында сурет байқауы өтті. ДТІЖО Р.Т.Аманованың ұйымдастыруымен «Ақылды қария ағып жатқан дария» тақырыбында ауылымыздың ақжаулықты әжелерімен кездесу өткізілді. «Тәтті тоқаштар» жәрмеңкесі ұйымдастырылды. 4-11 сынып оқушылары ауылымыздағы қария кісілердің үйіне барып көмек қолын созды. 
 1-11 сыныптарды бірыңғай «Адалдық сағаттары» өткізілді. 
 ДТІЖО С.М.Жакупованың ұйымдастыруымен 4 сынып оқушылары арасында «Күз кереметтері» тақырыбында қолдан жасалған бұйымдар көрмесі өткізілді. 
 2-3 сыныптар «Ұстазым сізге мың алғыс» тақырыбында қабырға газеттерін шығарды. 
 «Ардагерлерді ардақтайық», «Мүгедектігі бар адамдарды» әлеуемттік қолдау мақсатында «Жан жылуы» атты іс-шара өткізілді. Әлеуметтік педагог Ж:Алиеа мен кітапханашы М.Иманқұлова, сынып жетекшілер үйден оқытылатын оқушыларға барып көңіл-күйлерін көтеру мақсатында сыйлықтар табыстады.                                             
Кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жұмыстар  жүргізілді.
«Ұстаздар күні» мерекесі мен «Дублер күні» атап өтілді.
«Күз ханшайымы- 2023» атты мектепішілік арулар байқауы өткізілді. 
8-11 сынып ұл балалларға «Ойынқұмарлық-тәуелділік» тақырыбында жиналыс өткізілді. 
Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл және де 25 қазан Рспублика күні мерекесіне орай волейболдан мектепішілік сайыс өткізілді. 
Кәсіби бағдар беруші Хасанова Диана «Болашақ мамандықты таңдадыңыз ба?» тақырыбында кездесу өткізді. 
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Жеңісімді Тәуелсіздікке арнаймын» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. 
Ұлдар және қыздар кеңесін өткізіп насихаттау жұмыстары жүргізілді. Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп инспекторы Б.Алиевпен біргелесіп жиналыс өтті. Ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты іс – шара ұйымдастырылды. Іс – шараға ауылымыздың  аяулы әжелерін шақыртып қыздарға әдептілік, инабаттылық, сыйласу, қонақ күту сияқты өздерінің өсиеттерін, ақыл – кеңестерін айтты.
10- қараша күні  кезекті ата – аналар жиналысы болып өтті. Жиналыста І тоқсанның қорытындысы, оқушылардың өмір, жол қауіпсіздігі , «Бала құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндік науқанына орай баяндама жасалды. Сонымен қатар, педагог – психологтар  «Өз балаңа - үлгі бол» психологиялық тренинг өткізді.
14 – қараша күні «Оқушылардың жол қауіпсіздігі, тұрмыстық техника қауіпсіздігінің алдын алу» тақырыбында жиналыс өткізілді. 10-20 қараша күндері аралығында «Бала құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндік науқанына орай «Қатыгездік пен зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында сынып сағаттары өтті. 
1- желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС – ке қарсы күрес күніне орай Р.Т.Аманованың ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушыларына «Нашақорлық  - ғасыр дерті» тақырыбында жиналыс өткізілді. Мектеп мейірбикесі Т.Жолдасова  «Туберкулездің алдын алу», «СПИД, ВИЧ, Тұмау» тақырыбында  баяндама жасады.
18 қараша күні Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ – нің дінтанушы  - теолог маманы Д.Амановтың қатысуымен «Жасөспірімдер мен жастар арасындағы теріс ағымның ықпалының алдын алу» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«16 желтоқсан  - Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай «Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан жүрегім!», «Тәуелсіздік тұғырым», Тәуелсіздік  - ата – бабам аңсаған», «Тәуелсіздік  - баға жетпес байлығым», «Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік» тақырыптарында тәрбие сағаттары өтті.
     Мектепте балалардың құқығын қорғау және аутодеструктифті мінез-құлыққа  бейім балалармен айтарлықтай жұмыстар атқарылуда . 
Мектепте ата-аналар мен  оқушыларға  психологиялық  сүймелдеу көрсету ,ақпараттық насихаттау жұмыстарын өткізу бойынша іс-шара жоспары түзіліп ,басшы тарапынан  бекітілді. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, педагог-психолог және сынып жетекшілер  тарапынан әр бір оқушының ата –аналарымен тығыз байланыс орнатып, түрлі мәселелер анықтау жүргізуде. Деструктивті діни идеология ықпалынан оқшаулау мақсатында  әлеуметтік педагог оқушының  әлеуметтік тұрмыстық жағдайын зерделеп АКТ  түзіп, діни идеялогия ықпалынан оқшаулану туралы кеңес беруде. Мектеп психологтары «XXI ғасыр ата -аналары –өз балаңа үлгі бол» атты ата –аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Мектепке жол» акциясы 
2023-2024 оқу жылында мектебімізде “Мектепке жол” акциясы жоспары түзіліп жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылды. Әлеуметтік осал топтағы оқушылар анықталып,  аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасынан шыққан оқушылар тартылды. Тамыз  айында  акция барысында демеушілер тарапынан  6 оқушыға 24 мың қаржы жиналып ( жиырма төрт мың) мектеп құралдарымен қамтылғандығын,   (дәптер,қаламсап,қалам,сызғыш,өшіргіш,түрлі-түсті қағаз, сурет дәптер). Мектеп ұжымы тарапынан 5 оқушыға мектеп сумкасы берілді. 30 мын тенге жиналғандығын айтты. ( отыз мын тенге ). Мектеп басшысы тұрмыс төмен отбасы баласына өз атынан 1 оқушыға 12 мың қаржыға (он екі мың) мектеп құралдарын алып бергендігін айтты. Аудандық кәсіподақ ұйымы тарапынан мектепте жұмыс істейтін 4 қызметкер  күміс алқа иегерлерінің  1-4 сынып оқитын 5 оқушыға    мектеп құралдары берілді.  
Ыстық тамақпен қамтамасыз ету 
Биылғы  жаңа оқу  жылында қыркүйектің 1-нен бастап1-4 сыныпта оқитын 276  бала және  5-11 сынып аралығындағы аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан  9 бала бір реттік ыстық тамақпен  қамтамасыз етілген. Жалпы 62 бала  ыстық тамақпен  қамтамасыз етілген.
Мектеп асханалары қажетті ыдыс-аяқпен жабдықталған.Балалардың тамақтануы үшін қосымша бөлме қарастырылды .
Мақтаарал аудандық аз қамтылған көмекке мұқтаж 75 оқушыға  мектеп формасы, сөмке және қаржылай көмек беріледі. 20 оқушы мектеп құралдары, 46 оқушыға аяқ киім берілді. 
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша: 
Сыбайлас жемқорлық қоғамдық өмірдегі ең қауіпті факторлардың бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша мектепте қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша жиналыс өткізілді.
Оқу жылының әрбірі тоқсаны сайын мектеп қызметкерлерімен Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және болдырмау жөнінде жиындар жүйелі өткізіліп отырады.
 НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив