
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "Т.Әубәкіров атындағы #43 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Тарих пəні мұғалімі Алибекова Тарбия Кантургановнаның жетекшілігімен «Білім шыңы» орталығы жəне Президенттік “Жас Ұлан” жастар ұйымының ұйымдастыруымен "ALTYN URPAQ -2022" зияткерлік байқауына 11 сынып оқушысы, мектебіміздің үздік оқушысы, "Алтын белгіге" үміткер, пән олимпиадасы және шығармашылық жоба жұмыстарының жүлдегері Кеңесбай Жарқынай қатысып, Бас жүлдені жеңіп алды.

Білім сайысы жеңімпаздары төмендегі шкала бойынша анықталды:
Бас жүлде –30 дұрыс жауап
І орын – 25-29 дұрыс жауап
ІІ орын – 20-24 дұрыс жауап
ІІІ орын – 15-19 дұрыс жауап.

Бас жүлдені иеленген жеңімпаз оқушы Кеңесбай Жарқынай МЕДАЛЬ және ДИПЛОММЕН және жетекшісі Алибекова Тарбия Кантургановна Алғыс хатпен марпатталды


