
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "Т.Әубәкіров атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 05.05.2023ж. күні "Білім сапасын арттыруда инновациялық әдіс-тәсілдерді оқу үдерісіне ендіру" тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинарға Мақтаарал ауданы, Адами әлеуетті дамыту бөлімінің Бастауыш бірлестігі әіскері Т.Кыдырбаева және Ағылшын тілі пәні бірлестігі әдіскері З.Куримбаева қатысты.
⠀

Семинарды мектеп директоры М.П.Аккулиев ашып беріп, сабақ өтетін ұстаздарға сәттілік тіледі.
⠀

Семинар мектебіміздің технология пән бірлестігінің көрмесімен басталып, концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. "Барлық істің басшысы-білім мен ұғым"-деп, әйгілі ғұлама Жүсіп Баласағұни айтқандай семинарда білікті ұстаздарымыз тағы да өз ісінің маманы екенін дәлелдеп берді.
⠀

Семинар барысында төмендегідей ұстаздар өз пәндері бойынша ашық сабақтар өтті.
⠀

1. Дүниетану пәні бойынша Ембергенова Балжан 2 а сыныбымен-Қазақстанға саяхат,
⠀

Математика пәні бойынша Күзербаева Эльмира 4 ә сыныбымен-Құрама есептер,
⠀

Орыс тілі пәні бойынша Акилова Камила 3 в сыныбымен-Второстепенные члены предложения,
⠀

Ағылшын тілі пәні бойынша Акаджанова Гулрухсор 3 г сыныбымен-Rain, Rain,
⠀

Алгебра пәні бойынша Орманова Феруза 7 А сыныбымен- Алгебралық бөлшектерге амалдар қолдану, бөлшектерді көбейту және бөлу,
⠀

Физика пәні бойынша Аликулов Қынабек8 а сыныбен-Линзалар. Линзаның оптикалық күші. Жұқа линзаның формуласы. Линзаның көмегімен кескін алу,
⠀

Қазақ әдебиеті пәні бойынша Джурабекова Қалсапар 5а сынымен- "Нағыз әже қайда?",
⠀

Орыс әдебиеті пәні бойынша Жамалова Айнур 5в сыныбымен-
М. М.Пришвин "Кладовая солнце" Я1,
⠀

Информатика пәні бойынша Сейтпутанов Даурен 6 б сыныбымен-Гиперсілтеме тақырыбы бойынша өткізді.
⠀

Ашық сабақтан шыққан қонақтарға мектеп психологы қызықты психологиялық тренинг өтті.
⠀

Семинардың қорытындысы бойынша ашық сабақ өткен ұстаздарға қонақтар тарапынан жақсы пікірлер айтылып, әдіскерлер семинарды бірауыздан өз деңгейінде өтілді деп, ұстаздарымызға алдағы уақытта шығармашылық табыс тіледі.
⠀

Сөз соңында мектеп директоры М.П.Аккулиев келген қонақтарға өз алғысын білдіріп, "алдағы уақытта тәжірибе алмасуға келем деушілерге әрқашан есігіміз ашық"- деп, өз сөзін аяқтады.
⠀

Мақсаты :

⠀
Мұғалімдер жаңашылдыққа ұмтылады және әдістемелерін жетілдіруге талпыныс жасайды. Оқушылар топпен жұмыс істеуге талпынады. Оқушылардың өздерін бағалай білуіне, өз-өзін реттеуге, өз мүмкіндіктерін түсіне білуіне ықпал жасау. Оқушының қызығушылығы мен өзіндік қажеттілігі анықталады.
⠀

Күтілетін нәтиже:
⠀
Оқушылардың сабаққа қызығушылығы артады. Оқу сапасы жоғарылайды. Сыныпта ынтымақтастық қарым-қатынасы жоғарылайды. Оқушы өзін-өзі реттеу арқылы оқу үлгерімін жақсартады. Оқушылар бір-бірін бағалауды үйренеді.
Видео сілтеме:
https://www.facebook.com/100029911025581/videos/984566876218760/



