«Елдігіңді ойласаң тарихыңды таныт» » Общеобразовательная школа им.Аубакирова. Мақтаарал ауданы. Мактааральский район
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Елдігіңді ойласаң тарихыңды таныт»
05
декабрь
2022

«Елдігіңді ойласаң тарихыңды таныт»

⚜Түркістан облысы Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "Т.Әубәкіров  атындағы #43 жалпы орта мектебі"  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінде 05.12.2022.ж. күні Тулеген Аманов атындағы кабинеттің ашылу салтанатына орай   «Елдігіңді ойласаң тарихыңды  таныт»  Еңбек Ері  Тулеген Амановтың еңбек жолы -тақырыбында өңірлік семинар өткізілді.
🔹Семинарға Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Ж.Байтілеуовамен қатар жергілікті "Са-Нұр" телеарнасы, Мақтаарал ауылдық ардагерлер кеңесі төрағасы Қ.Ирсаев, ауыл ақсақалы Қ.Рзаев, Атакент мақта музейінің меңгерушісі Р.Бабашева, музей қызметкері Л.Мамбетова, Мақтарал ауылдық Тәжік ұлты диаспорасының төрағасы
Т. Кувандыков және  өңірлік мектептердің тәрбие ісі орынбасарлары келді. 
🔹Семинар барысында еңбек Ері Тулеген Амановтың ғұмыры, атқарған еңбектері, жеткен жетістіктері мен отбасы көрініс тапқан бейнеролик көсетіліп, тарих пәні мұғалімі Г.Тастанова «Тарихи өлкем мекенім» тақырыбында 10 сыныптарымен ашық сабақ өткізді.
🔹 Шара тарихи тұлғаның өмірбаянымен басталып, оқушылардың қатысуымен әдеби монтаждармен жалғасын тапты.
🔹 Тулеген Амановтың өмірінен үзінді ретінде атқарылып жатқан жұмыстардың есеп беру жиналысынан сахналық қойылым көрсетілді.
🔹Концерттік бағдарлама дайындалып, оқушылар дайындап келген хор  мен бірге әсем әннен шашу шашылып, мың бұралған бишілер бимен көрмерменді тәнті етті.  Күмбірлеген  домбыра дауысының сүйемелдеуімен "Әке" туралы ән шырқалды.
🔹 Шара соңында кеш қонақтары өткен семинардан алған әсерлерімен бөлісіп. Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысы М.Серикбаевтың атынан әдіскері Ж.Байтілеуова ДТІЖО Р.Т.Амановаға марапат қағазын табыстады. Тулеген Амановтың қызы Р.Т.Аманова әкесінің рухына арнап ас беріп, туған-туыстары Т.Ақназаров пен С.Ашимов ағасының рухына құран бағыштады.
🔹 Тулеген Аманов адам баласының бәрін де бауырым деп бауырына басып, ағалық ақылын айтып талай жастардың өмірде өз орындарын тауып, кірпіші болып қалануына бағыт берген, рухы биік азаматтардың бірі, бірегейі. Мақтааралдың құрметті азаматы, еңбек ері.
📌Мақсаты:⤵️  Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді
қалыптастыру. Туған өлке  тарихын танып біледі, тарихи
тұлғаларды зерттеуге ынталандырады.












































Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив