23
февраль
2022
ӨҢІРЛІК СЕМИНАР
⠀
қажеттілігі анықталады.
⠀
Оқушылардың білім сапасын арттыру, ең алдымен мұғалімнің кәсіби шеберлігіне, оқушылардың оқу іс-әрекетін педагогикалық сауатты ұйымдастыра білуіне байланысты. Оқыту теориясы қаншалықты дамытылғанымен, оқу бағдарламасы қаншалықты жетілдіргенімен, оқулық пен оқу құралдарының сапасы барынша жақсартылғанымен, мектеп керекті оқу құралдарымен керегінше жабдықталғанымен, оқу процесінде осының баршасына жан бітіріп, іске қосатын, оларды оқушылардың бақылау, байқау, зерттеу, оқу, үйрету тағы сол сияқты іс-әрекеттер объектісіне айналдыратын кілт- мұғалімде,- деп Lesson Study тәсілі жайлы да қысқаша айтып өтті.
⠀
Қазіргі уақытта әр бір педагог үшін өз білімдерін шыңдау, дамыту басты мақсат болып табылады. Себебі, білім бір орында тұрмайды, ол үздіксіз дамып отырады. Әр күн сайын біз жаңа ашылулар, жаңалықтар оқып, көруімізге болады. Сол жаңалықтардың бірі — жаңаша тәсіл — Lesson Study деп аталады. Lesson Study — мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Lesson Study–ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study-дің циклін өткізген соң мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп, кейіннен ашық Lesson study, таныстырылым өткізу, баспада жариялау арқылы әріптестеріне таратады-деп, серіктес мектептерден келген ұстаздарға мектебіміздің мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, жаңа әдіс-тәсілдермен бөлісіп тәжірибе алмасуларын айтып, сәттілік тіледі.
⠀
⠀



















