03
март
2022
«1 наурыз-алғыс айту күніне»
Қазақ халқының салт-дәстүрі бесікке салу мен қазақ биі, ұлттық тағамдарын дайындап келген 10 а,ә сынып оқушылары. 9 ә сынып оқушылары қазақ халқының ұлттық тағамын жасады. 9 в сынып оқушылары Тәжік ұлтының ұлттық тағамы "Куртоп" жасап, ұлттық билері мен тәжік тілінде құттықтау сөздері мен алғыстарын айтты. 7в сынып оқушылары Әзербайжан халқының ұлттық биі мен ұлттық тағамы долма жасады. Әзербайжан тілінде алғыстарын білдірді. 8 в сынып оқушылары Орыс халықының ұлттық билері мен тағамдарын дайындап келді. 11в сынып оқушылары Татар халықының ұлттық тағамы Ичпучмак пен ұлттық биін билеп, татар тілінде құттықтау сөздері мен алғыстарын білдірді. 9в сынып оқушылары өзбек халқының ұлттық биі мен ұлттық тағамы плов жасап, ұлттық тілінде алғыстарын білдірді. 8 а,ә сынып оқушылары Қазақтың ұлттық биі мен, әнін орындап, ұлттық тағамын жасады. 10 а, ә сынып оқушылары Қазақтың ұлттық әнін орындап, ұлттық тағамын көрсетті. Іс-шараға қатысқан оқушылар ұстаздар мен оқушыларға өз алғыстарын білдірді.
⠀













