Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасыты "Т.Әубәкіров атындағы №43 ЖОМ" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ДТІЖО Р.Т.Аманова мен ҚББП Г.Тастанованың ұйымдастыруымен ақылы "Домбыра" үйірмесі ашылды.
Үйірмеге арнайы кәсіби маман Жетісай қаласынан келіп, 1.02.2023 ж. күннен өз жұмысын бастады.
Үйірмеге тұрмысы төмен, көпбалалы отбасы балалары да тартылды және оларға ДТІЖО Р.Т.Аманова, ҚББП Г.Тастанова, ағылшын тілі пәні мұғалімі Д.Тұранованың демеушілігімен домбыра алып берілді.
Демеушілік жасаған ұстаздарға алғыс білдіреміз!
Мақсаты:
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, өнерге деген қызығушылығын арттыру. Бос уақытын тиімді пайдалану.