Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "Т. Әубәкіров атындағы №43 жалпы орта мектебі "коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ДТІЖО Р.Т.Аманованың ұйымдастыруында 7-11 сынып оқушыларымен "Атадан жақсы ұл туса..." тақырыбында ұлдар кеңесі өткізілді.
⠀
Кеңесте ДТІЖО Р.Т.Аманова ұлдардың тәртібі, сабаққа қатысы, мектеп формасы, қазақ отбасындағы ұл бала тәрбиесінің ерекшеліктері, қоғамдық ортада ұл бала өзін қалай ұстау керектігі жайлы айтып өтті.
⠀
Мақсаты: Ер баланы дұрыс тағылым – тәрбие алуға, дүниенің сырын танып білуге баулу, мектепте ұстаздардың ақыл кеңесі мен үлгі-өнеге көрсету.