
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, "Т.Әубәкіров атындағы №43 жалпы білім беретін мектеп" КММ-де ДТІЖО Р.Т.Аманованың басшылығымен «Әкелер кеңесі» төрағасы Ж. Аллабергенов және «Әкелер мектебі» мүшелерінің ұйымдастыруында «Әкешім-Бәйтерегім» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында оқушылар әке туралы монолог, «Әке мен бала» тақырыбында көрініс көрсетті. Додэкаэдр әдісі бойынша қатысушыларға сұрақ беріліп, қатысуышлар өз ойларын ортаға салды. Сонымен бірге бала тәрбиесіндегі отбасындағы әкелердің қамқорлығы, отбасылық міндеттері жайлы негізгі мәселелерді түрлі мысалдар келтіре отырып баяндады.

Соңында мектеп директоры М.П.Аккулиев іс-шараның өте жоғары дәрежеде өткізілгендігін айтып, қорытындылады.

Мақсаты: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту, ұлттық салт - дәстүрімізге байланысты әке орынының ерекше кенін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын ояту.