Іс-шаралар » Общеобразовательная школа им.Аубакирова. Мақтаарал ауданы. Мактааральский район
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
май
2021

Іс-шаралар


Қайырлы күн құрматті ата-аналар, әріптестер және әлеуметтік  желінің белсенді қолданушылар.Мен Аккулиев Мұратбек Пердебекұлы Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің №43 Тоқтар Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі директоры қызметін атқарып келемін. Мен бүгін тікелей   сіздермен эфирге сіздермен шығуымның себебі антикорлайф жобасының аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша шығып отырмын. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 18 қарашадағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы істері   туралы№410 заңы бойынша тиісті жұмыстар жүргізуге барплығымыз міндетті екеніміз хақ. Ел президенті Қасым Жомарт Кемелұлы жемқорлықтың түп тамыры жойылғанша күрес жүргізетінін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы еліміздегі стратегиялық дамудың басымдықтарының бірі екендігін атап көрсетті.

         Біздің ұжымда жемқорлықтың алдын алу бойынша тұрақты жұмыстар атқарылып келеді. Мектебіміздің жылдық жоспарына сай жалпыға бірдей құқықтық оқыту жобасы негізінде педагогтарымызды жемқорлыққа төзбеу олардың әрқайсысына жемқорлықты болдырмау алдын алу туралы біршама жұмыстар атқарып келеміз. Мектебімізде сыбайлас жемқорлық туралы заң туралы стендтермен сенім телефоны, сенім жәшігі орнатылған. Мемлекеттік қызмет көрсету көрсету стандарттары туралы стендтер мен жабдықтап отырмыз.  Қазіргі таңда білім саласында ашықтық пен жариялықты, әділдікті талап етіледі. Мектепте бос лауазым бойынша конкурспен жұмысқа қабылдау, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мектепке оқушыларды қабылдау туралы, азаматтардың мемлекеттік құжаттарының теленұсқаларын беру бұлардың барлығы қазір цифрландыру бойынша жүріп жатыр. 2018 жылдан бері облысымызда білім беру ұйымдарының  педагогтарын қызметкерлік жұмысқа қабылдау жұмыс ситсен порталы арқылы жүргізілуде.

         Білім беру ұйымдарында оқушыларды мектепке қабылдау білім және ғылым министірінің 564 бұйрығы және 2020 жылдың 264 бұйрығына өзгеріс енгізіліп, құжаттарды қабылдау веб-портал арқылы жұмыс атқарып жатырмыз. «ААдал ұрпақ» жарқын болашақтың кепілі екендігі белгілі. Адал ұрпақ тәрбиелеу қашанда маңызды. Халықтың мүддесін өз мүддесінен артық қойатын. Бауырмалдық, адалдық, адамгершілік сынды қабілеттерді бойына жинай білген   тәрбиелі ұқыпты тәрбиелеу баршамыздың   борышымыз. Осыған орай қазіргі таңда ұжым мүшелері  яғни педагогтарымыз болашақ  ұрпақты тек тәрбиелеу, білім берумен еліне адал қызмет етумен сыбайлас жемқорлық әрекеттерінен аулақ болуға тәрбиелеп жатыр. Өскелең ұрпақты сыбайлас жемқорлықтан аулақ болу үшін мектеп қабырғасынан тәрбиелеу. Баланың мінез – құлқын, адамзаттық көзқарасын, қоршаған ортасын әрқашан бақылап отыру қажет. Бүгінде өскелең ұрпақтың бойында адалдық. Әділдік қасиеттерін сіңдіру мақсатында әр түрлі жобалар іске асырылуда.

         Осындай жобалардың бірі білім және ғылым министірлігінің қолдауымен іске асырылып отқан «Адал ұрпақ» жобасы.5-11 сынып оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру мақсатында  «Адал ұрпақ» еріктілер клубы құрылған.  Іс-шара жоспары жасалып, жылдық жоспары бекітілген. Негізгі міндеті мектепке сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру, жемқорлыққа қарсы күрес жолында жаңа бастамалар көтеру «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының өз әнұраны, төсбелгісі бар. Клуб жетекшілері Аманова Роза, Жакупова Санедуғаш оқушыларға отансүйгіштік, адалдық этикалық сананы, жемқорлыққа қарсы мінез құлық қалыптастыру жолында біршама істерді жүзеге асырып жатыр. Білім алушыларды адамзаттыққа, сүйіспеншілікке, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында «Парасатты азамат» бұрышы жасақталды. Онда құнды ақпараттар жинақталды. «Аадал ұрпақ» ерікті мектеп клубы мүшелері «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында дебат өткізді.   «Жемқорлық-індет» тақырыбында сурет байқаулары өткізіліп тұрады. Клуб жұмысының арқасында оқушыларымыз намысты жігерлі, мемлекет мүлкін бүлдірмеуге, өзгені ақысын жемеуге тәрбиеленіп келеді. Мектебіміз сатушысыз дүкен жұмыс бастағаны барлығымызға мәлім. «Адалдық дүкені» жобасының мақсаты қандай істе де адал болу, адамдардың бір-біріне деген сенімділіктерін арттыру, жемқорлыққа қарсылық мәдениетін дамыту, адалдыққа тәрбиелеу болып табылады.  «Адалдық дүкенінің» өзгешелігі сол, мұнда еш сатушы болмайды. Әрбір адам өзіне қажетті затын алып, оның ақшасын арнаулы жәшікке салып кетеді. Қазіргі таңда мектебімізде мектеп алды даярлық тобынды 46 оқушы, 1-4 сынып аралығында 280 оқушы, 5-11 сынып аралығында 295 оқушы білім алуда. Оларға жалпы 78 мұғалім сабақ беріп   жатыр. Мұғалімдердің  орташа апталық жүктемесі 18, 410 сағат. Штаттық қызметкерлер саны 23. Қазіргі таңда елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер күшейтілуде. Мектеп ұжымы болып өскелең  ұрпақтың бойында жемқорлыққа төзбеу қасиетін, адалдықты, отансүйгіштікті нығайту жолында жоспарлы жұмыстарды үздіксіз атқаруға бар күш жігерімізді саламыз. Жас ұрпақ біздің келешегіміз.Назар қойып тыңдағандарыңызға рақмет.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив