
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "Т.Әубәкіров атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5 ә сынып жетекшісі Б.Байсеитованың ұйымдастыруымен 5 ә сынып қыздарымен "Көктем аруы-2022" байқауы өткізілді.

Байқауда қыздар таныстыру, өз өнері, ас мәзірі, сұрақ-жауап, сан үлгісі бойынша сайысқа түсті.

Сайыста ерекше өнерімен көзге түскен Мекенбаева Несібелы бас жүлде "Қыз сыны-2022", 1 орын Жақсылық Кәусар "Инабатты қыз, Алдаберген Әсемай "Өнерлі ару" ІІ орын, Джолдасбаева Жарқынай ІІІ орын "Сымбатты ару" номинацияларымен марапатталды.
⠀

Мақсаты: Ибалы, инабатты қыз болып өсуге тәрбиелеу. Қыз ұлт болашағы екенін түсіндіру.












