*АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!* » Общеобразовательная школа им.Аубакирова. Мақтаарал ауданы. Мактааральский район
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
апрель
2023

*АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!*

*АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!*
Құрметті ата-аналар, Мен  Аккулиев Мурадбек Пердебекұлы Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты   "Т.Әубәкіров атындағы №43 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры 2022-2023 оқу жылындағы соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау, Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруда және 2023 жылғы жаз айларындағы шомылу маусымында мына жағдайларды ескертемін:
1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында қатаң тыйым салынады: түрлі себептермен мектеп қажеттіліктеріне, мерекелік іс-шараларға, мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге сыйлық алуға, мектептің жөндеу жұмыстарына, шаруашылық заттарын сатып алу және тағы басқа мақсатта ата-аналардан және ата-аналар комитеті атынан ақша жинауға және бітіруші 4, 9, 11 сыныптардан  ақша жинауға қатаң түрде тыйым салынатынын;
2. Барлық қатысушыларға «Соңғы қоңырау» іс-шарасын өткізу тәртібі және қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы нұсқаулық беру, ата-анасының немесе заңды өкілінің тек біреуінің қатысуы, кешенді қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілетінін;
3.2023 жылдың жаз мезгіліндегі шомылу маусымында ұл-қыздарымыздың қауіпсіздік мәселелерін сақтау тікелей ата-аналардың құзыретінде екенін;
4.Қорытынды аттестаттау кезінде түрлі мақсатта ата-аналардан қаражат жинауға, мерекелік дастархан ұйымдастыруға, гүл сыйлауға, қатаң түрде тыйым салынатынын ескертемін.
Құрметті Ата-аналар! Жоғарыда айтылған талаптардың орындалуын қадағалауды ескертемін.
Мұғалімдеріміздің, мектебіміздің абыройын биік ұстау - мектеп ережесін орындаумен тікелей байланысты!
Мектебіміздің мерейі үстем болсын! 
Сіздің ұл-қыздарыңыздың оқу-тәрбие процесіндегі жетістіктері – біз үшін үлкен СЫЙЛЫҚ!
Сіздің кез-келген сұрағыңыз үшін менің телефоным үнемі қосулы және Сізді тыңдауға, жауап беруге барлық уақытта дайынмын. 
Құрметпен,  "Т.Әубәкіров  атындағы №43 жалпы  орта  мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры М.П.Аккулиев. 
Байланыс телефоным: +7 702 402 6914
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив