18
март
2024
📒МЕДИАЦИЯ
Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты "Т.Әубәкіров атындағы N43 ЖББМ" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ДТІЖО Р.Аманова, педагог-психолог Д.Калымбетова, әлеуметтік педагог Ж.Алиева біріккен жоспарына сәйкес "Медиация - психологиялық қызмет және мектептегі татуласу қызметі жобасы" тақырыбында жоғары буын білім алушыларына іс-шара өткізілді.
Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. Ұлы қазақ даласының билігінің белгілі дара тұлғалары –Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бастаған дана билердің ел арасындағы кез келген дауды бітімгершілік жолымен шешіп, халқымыздың бірлігін, ауызбіршілігін, тұтастығын сақтауға улкен назар аударғаны баршамызға белгілі. Медиация туралы заңымыздың аты бөлек болғанымен қазақ халқы үшін жат дүние емес.
Мектептің медиация қызметі – маңызды әлеуметтік инновация. Мектеп медиаторлары оқушылар арасында, білім алушылар мен педагогтер арасында, ата-аналар мен ұстаздар арасында және т. б. туындайтын түрлі жанжалды шешуге мүмкіндік береді.
Білім алушыларға медиация туралы толық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.




