
Түркістан облысы Мақтаарал ауданы "Т.Әубәкіров атындағы 43 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ДТІЖО С.Жакупованың ұйымдастыруымен 16.02.2024 ж. күні жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 5-7 сынып қыз балалармен жиналыс өткізді.
Жиынға мектептің әлеуметтік-педагогы Ж.Алиева, педагог-психолог Д.Калимбетов және мектеп медбикесі Т.Джолдасбаева қатысты.

Мақсаты: Қыз бала бойына адамгершілікті, имандылық пен ибалылықты, талғамдылықты сіңіру. Қыз бала алдындағы қоғамның, елдің, ұлттың болшағы үшін үлкен жауапкершілік тұрғандығын ұғындыру.