
Түркістан облысы, Мақтарал ауданының білім бөліміне қарасты Т.Әубәкіров атындағы 43 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «8 Наурыз-Халықаралық әйелдер күні»

мерекесіне орай мерекелік іс шара болып өтті. ДТІЖО Р.Т.Аманова барлық аналар мен нәзік жанды аруларды мерекесімен арнайы құттықтады. Сонымен қатар біршама ұстаздарымызды алғыс хаттармен марапаттады. Іс-шара барысында мектебіміздің ағайлары Ж.Аллабергенов пен кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Алибаев өздерінің тілектерін айтып, мерекемен құттықтады. Мерекелік құттықтаулардан соң өнерлі шәкірттеріміз өздерінің өнерлерін апайларымызға тарту етті.