
Түркістан облысы Мақтаарал ауданы "Т.Әубәкіров атындағы 43 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ДТІЖО С.Жакупованың ұйымдастыруымен 16.02.2024 ж. күні жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 5-7 сынып ұл балаларымен жиналыс өткізді.
Жиналысқа мектептің әлеуметтік-педагогы Ж.Алиева, педагог-психолог Д.Калимбетов және мектеп медбикесі Т.Джолдасбаева қатысты.

Жиналыс барысында оқушыларға мектеп ережесін сақтау , сабаққа кешікпеу, кешкі мезгілде көшеде жүрмеу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.