«Әке мен бала» » Общеобразовательная школа им.Аубакирова. Мақтаарал ауданы. Мактааральский район
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
апрель
2023

«Әке мен бала»

⚜Түркістан облысы,  Мақтаарал ауданы, Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "Т. Әубәкіров атындағы №43 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ДТІЖО Р.Т.Аманованың ұйымдастыруында «Аталар мектебі»-нің төрағасы Е.Базарбаев, " Әкелер мектебі"-нің төрағасы Ж.Аллабергенов және АӘ және ТД пәні мұғалімі А.Алибаев 7-11 сынып ұлдарының қатысуында  «Әке мен бала»   тақырыбында  тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатқа оқушылар мен бірге бірқатар мұғалімдер де қатысты.
 Іс-шара барысында «Әкелер мектебі» төрағасы Ж.Аллабергенов «Әке мен бала» тақырыбында баяндама оқып, АӘ және ТД пәні мұғалімі А.Алибаев аталған тақырып ойынша слайд арқылы Әке мен бала қарым-қатынасын жақсартудың жолдары  және оның тигізер пайдасы  жайлы ақпараттар айтып өтті.
🛑 Іс-шарада мектеп директоры М.П.Аккулиев пен ДТІЖО Р.Т.Аманова алғашқы сөзді алып,      ата-анаға қамқорлық –біздің халқымыздың санасына терең сіңген қасиет екендігін оқушыларға тереңінен түсіндіре отырып, оларға әрқашанда қамқор болуы, мойынсынуы қажет екенін, ата-анамыз асыл қазынамыз, оларға құрмет көрсету керек екенін айтты. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын оған қарап өсетін нысанасы. «Әке – асқар тау, ана – қайнар бұлақ, бала жағасындағы құрақ» дегендей «Әке» деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші! Өмірде әкесін жақсы көрмейтін бала жоқ шығар, өйткені бала үшін әкенің орны бөлек екенін айтты.
✨Шарада Мекенбай Бағаулеттің орындауында Әкелердің құрметіне домбырамен күй арналды.  Іс шара барысында оқушылар әкелерге арнап өлеңдер оқып, отбасындағы «Әке мен баланың» рөлін сомдап, сахналық қойылым көрсетті.
🔹 Тәрбие сағатта мұғалімдер «Бала қандай болуы керек?»,  оқушылар «Әке қандай болуы керек?» тақырыбында постер қорғады. Постер бойынша мұғалімдер баланың жан-жақты, жаһандық бәсекеге қабілетті, ақылды, жауакершілігі мол, мейірімді, әрқашанда отбасына қамқор болуы керектігін айта отырып, ата-анаға әрқашан жылу сыйлап жүруі парыз екендігін айтып өтті. Оқушылар да әкенің өздері үшін өмірлерінде басты рөл алатынын, әкелердің әрқашанда бала үшін қамқор болатынын және де әкелерін мақтан тұтатынын айтып өтті.
Шара соңында «Аталар мектебі» төрағасымен қоса мектеп ер мұғалімдері оқушыларға «Әкенің» үйде басты рөл атқаратынын, «Әке көрген оқ жонар» деген мақалға сүйене отырып, әрқашанда әкенің ақылын алып, тәрбиесін бойларына сіңіріп жүру керек екендігін айтып шараны қорытындылады.
✨Тәрбие сағатқа оқушылар белсене қатысып, жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.
📌Мақсаты:⤵️
Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту, ұлттық салт - дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын ояту.
Оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулу, өз өнерлерін көрсете білуін қалыптастыру;
 Әкені құрметтеу, сыйлай білуге дағдыландыру.






















Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив