28
декабрь
2023
"XX ғасырдың 40-80 жылдарындағы қазақстандық ғалымдардың ғылымды дамытудағы жетістіктері"
Түркістан облысы , Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты "Т.Әубәкіров атындағы 43 жалпы білім беретін мектеп КММ -де тарих пәні апталығында педагог-шебер, тарих пәні мұғалімі Алибекова Тарбия Кантургановна 9 "Ә" сыныбында "XX ғасырдың 40-80 жылдарындағы қазақстандық ғалымдардың ғылымды дамытудағы жетістіктері" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Ғылым саласында жетістікке жеткен қазақстандық ғалымдармен танысады;
Ғалымдардың ашқан жаңалықтарының қоғам үшін маңызын анықтайды;
Қазақстан ғылымының дамуына баға береді.
Сабақта оқушыларды патриотизм, азаматтық жауапкершілік, толеранттылық, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға баулиды.
Жұптық жұмыста "Кілт пен құлып" әдісімен сәйкестендіру тапсырмасы оқушылар үшін қызықты болды. Қорытындылау үшін жеке жұмысқа Ворд волл тапсырмасын ұсынды. Тапсырмалар оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған.