13
декабрь
2023
«Ұлы дала тарихы-мәңгілік Қазақстан»
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты "Т.Әубәкіров атындағы №43 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың 11 желтоқсан күні «Ұлы дала тарихы-мәңгілік Қазақстан» атты тарих апталығының ашылуы болып өтті.
Апталықтың ашылу барысында тарих пәні мұғалімдері Т.Алибекова мен Г.Тастанова, Ж.Айтқұлбек тарапынан іс-шараға қатысушыларға қызықты тапсырмалар ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға сыйлықтар берілді.
Апта аясында өткізілетін іс-шаралар пән бойынша білімді тереңдетуге, теориялық білімді күнделікті өмірде қолдана білу қабілетін қалыптастыруға, сонымен бірге білім алушылардың шығармашылық, коммуникативтік, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға оң ықпал етеді.