04
декабрь
2023
«Болашақ білімді ұрпақта!»
Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты, Т.Әубәкіров атындағы №43 жалпы білім беретін мектептің, мектепалды даярлық сыныбының «Болашақ білімді ұрпақта!» атты апталығының ашылу іс-шарасы болып өтті. . Іс-шараны ДОІЖО Р.Сарманова ашып берді. Ашылу салтанатында 0 "В" сыныбы ҚР Әнұранын орындап, тақпақтар айтылды. Апталық барысында 0 "а" сынып жетекшісі Ә.Бердибаева "Ауыр жеңіл" тақырыбында, 0 "ә" сынып жетекшісі Ж.Садуова "Сөйлеп отырып ойнау" тақырыбында, 0 "в" сынып жетекшісі И.Мухтарова "Звуковой анализ слова "Кот"" тақырыбында ашық сабақ өтті. Апталық қорытындысында мектеп директоры М.П.Аккулиев апталыққа белсене қатысқан оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттады.