"Армысың, Әз- Наурыз" » Общеобразовательная школа им.Аубакирова. Мақтаарал ауданы. Мактааральский район
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
март
2023

"Армысың, Әз- Наурыз"

⚜Түркістан облысы,  Мақтаарал  ауданы,  адами  әлеуетті  дамыту  бөліміне  қарасты "Т. Әубәкіров атындағы №43 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  мектеп ұжымының "Армысың, Әз- Наурыз" тақырыбында  Наурыз тойы ауқымды көлемде тойланды.
⚜Наурыз тойдың басында мектеп әкімшілігінің қыздары "Наурыз думан" биін билеп шықты. Әкелер мектебінің төрағасы Ж.Аллабергенов бастаған Ақсақалдар тобы Наурыз тойының келіп қалғанын домбырамен хабарлап, әжелер алқасы шашуларын шашып шықты. Ақсалдар алақан жайып жиналған көпшілікке ақ батасын берді.
⚜Наурыз тойының алғашқы құттықтау сөзін мектеп директоры алып, жиналған көпшілікті Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесімен құттықтады.
⚜Наурыз мейрамына мектеп ұжымы қарқынды дайындықпен келіпті. Ақ дастарқан жайылып, үсті ұлттық дәмге толтырылды. Дастарқан басындағыларға "Наурыз көже" тарту етіліп, қымыз қымыран ішілді.
⚜Ұжым Наурыз тойға құр алақан келмей, қазақы ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптейтін, тәрбиесі мол көріністер дайындап келіпті.
⚜Физика-математика бірлестігі "Шілдехана " "Бесікке салу" рәсімін көрсетсе, Қазақ тілі, Тарих бірлестігі бірлесіп-"Құдалық той" рәсімін көрсетті.
⚜Сонымен қатар, Технология бірлестігі "Қыз көрсету" рәсімін көрсетсе, Бастауыш бірлестігі "Қырқынан шығару", Әкімшілік қызметкерлер "Сыңсу", "Қыз ұзату" рәсімдерін көрсетті.
Ал, Шаруашылық қызметкерлер "Беташар" рәсімін көрсетті.
⚜Мектеп ұжымы  қазақтың ұлттық салт-дәстүрін, мәдениетін кеңінен дәріптеп, жастарымызға үлкен өнеге көрсетті.
Видео сілтеме: 
https://www.facebook.com/100029911025581/videos/5887200501396900/







Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив