Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "Т.Әубәкіров атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 07.10.2022ж. күні Аға тәлімгер К.Кушербаева мен Қосымша білім беру педагогтары А.Ганиева және А.Козыбаеваның ұйымдастыруымен 2-6 сынып оқушыларымен "Күз- молшылық мезгілі" тақырыбында түрлі көкеністерден көрнекіліктер көрмесі өткізілді.
Оқушылар көрмеге көкеністер мен жемістерден әртүрлі мультфильм кейіпкерлерін жасап қойып, күздің кереметін көрсетуге ат салысты.
Оқушылар "Күз-молшылық мезгілі" атауына сай көкөніс пен жемістерден әр түрлі бұйымдар жасады.
Мектеп ұжымы мен оқушылар көрмені қызыға тамашалап, ерекше әсер алуда.