
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Т. Әубәкіров атындағы 43 жалпы орта мектебі, коммуналдық мемлекеттік мекемесінде “Тіл мәртебесі - ел мәртебесі” онкүндігі аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен
“Ұлттық рухани көсемі" Қазақ әліпбиі” білімпаз ұрпақ үшін” тақырыбында 5-11 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу сайысы болып өтті. Онда оқушылар ана тілі туралы, ұлт көсемі А. Байтұрсынұлы шығармаларынан мәнерлеп өлеңдер айтып, өз өнерлерін көрсетті. Өткізілген іс-шарада оқушылардың өлең айту мәнері, ортада өзін ұстауы бағаланып, марапатталды. Сайыс нәтижесі бойынша

Бас жүлде* - 8-сынып Асан Нұржанат

1 орын *- 8-сынып оқушылары Ганибаева Гүлжайна , Оразымбет Ерасыл

2 орын* - 7-сынып оқушылары Жайнар Кәусар, Маматқозыева Бану

3 орын* - 7-сынып оқушылары Пірназар Әйгерім, Бекмуратова Жансая, Теңізбай Меруерт лайық деп бағаланып, алғыс хаттармен марапатталды.

Іс- шара мақсаты: Оқушылардың бойындағы ана тілге деген ұлттық рухани сезімді ояту, тіл тазалығын сақтауға, ортада еркін, мәнерлі сөйлеуге.









