«Қош келдің, Әз-Наурыз»
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "Т.Әубәкіров атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Наурыз мейрамы қарсаңында ДТІЖО Р.Т.Аманованың ұйымдастыруымен 7-11 сыныптар арасында «Қош келдің, Әз-Наурыз» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараны мектеп директоры М.П.Аккулиев құттықтау сөзімен ашып берді. ДТІЖО Р.Т.Аманова да мерекелік құттықтау сөзін айтып өтті