Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы , Т.Әубәкіров атындағы 43 ЖББМ КММ

Ардагер ұстаз Савич Раиса Илинична, Мақтаарал ауданы, Игілік елді мекенде 1941 жылы дүниеге келген. Т. Әубәкіров атындағы жалпы білім беретін мектебінде 40 жылдан астам "Орыс тілі және әдебиеті" пәні мұғалімі болып жұмыс атқарған. Мектеп қабырғасында жұмыс атқарып жүрген кезінде театр үйірмесіне басшылық жасап, ертегі кейіпкерлеріне арналған сахналық киімдерді өз қолымен тігіп шығарған. Онымен қоса балаларға арналған ертегі, өлеңдер шығарған. Тәжірибе алмасу мақсатында басқа мектептен ұстаздар келіп , сабағына қатысатын. Қазіргі таңда ауылымыздың ардақты зейнеткер ұстазы.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, ауыл тұрғыны, ерікті, белсенді ұстаз Аманова Роза Тулегеновна жыл сайын Раиса Илиничнаға демеушілік жасап, азық-түлік және үйге қажетті құрал жабдықтар, телевизор және кір жуатын машина алып беріп, көмек қолын созып жүрген үлгілі ұстаз. ДТІЖО Р.Т.Аманованың басшылығымен мектеп оқушылары мен «Тимур мен оның командасы» еректі мектеп клубы мүшелері үнемі мерекелерде, бос уақыттарында үйіне барып қолғабыс болып жүр. Зейнеткер ұстазымыз оқушыларға өз өмірі мен еңбек жолы , өмірден түйген көзқарастары мен тәжірібиесін бөлісіп отырады.

Ардақты ұстазымыздың шәкірттері қазіргі таңда Америка елдерінде, Канада, Мексика, Латын Америкасы, Куба, Ресей, Германия, Греция, Польшада. Эстония, Латвия елдерінде лауазымды қызметтер атқарып жүр. Бар өмірін бала тәрбиесіне , қоғам дамуына өз үлесін қосқан дара жан.
Құрметті Раиса Илинична, Сізді келе жатқан 8 Наурыз- халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз.



Көктемгі көңіл-күй, шаттық, жылулық пен шабыт тілейміз.

Жаныңыз бен жүрегіңіз бақыт пен махаббатқа толы болсын.

Өмірге риза болып, жақындарыңыз сізді бағалай білсін!

Ізгі ниетпен Т.Әубәкіров ЖББМ ұжымы.