04
март
2024
«Дін және дәстүр»
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы «Т.Әубәкіров атындағы №43 жалпы білім беретін мектеп» КММ – де бітіруші 9,10,11 сынып оқушылары және ұстаздарының қатысуымен Мақтаарал ауданының білім бөлімі және Мақтаарал ауданының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында, жастарды керағар діни ағымдардан сақтау және діни сауаттылығын арттыру мақсатында «Дін және дәстүр» атты тақырыпта жалпы кездесу өткізілді.
Іс-шараға Түркістан облысы дін істері басқармасы ММ-сі "Дін мәселелерін зерттеу орталығы"КММ-нің теолог маманы- Д.Аманов;
Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімінің теолог-инспекторы - Д. Бекқожа;
Мақтаарал ауданының білім бөлімінің тарих пәні әдіскері Р.Алтынбаевалар қатысты.
Еліміз егемендігін алып, тәуелсіздігімізді алғаннан бері ұмыт бола бастаған көптеген діни құндылықтарымыз бен тарихи, мәдени құндылықтарымызға қайта қауыштық. Жастардың діни сауаттылығы қазіргі қоғамда күрделі әрі өзекті мәселелердің бірі. қазіргі қоғамымызда барлық жастарың діни сауаттылығы бірдей деп айта алмаймыз. Өйткені, діни сауатсыз жастардың өзге ағымдарға кетіп қалу қаупі басым.
Жастармен кездесу барысында қазіргі таңдағы еліміздегі діни ахуал, кереғар діни ағымдардың ықпалының алдын алу, ғаламтор желісін дұрыс пайдаланудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Жастарды керағар діни ағымдардан сақтану жолдары және діни мәліметтер алуға болатын ғаламтор сайттары, теолог және діни мамандар дайындайтын жоғары оқу орындары туралы толық түсіндіру жұмысы жүргізілді. Діни және құқықтық сауаттылығын арттыру, деструктивті діни ағымдардың алдын алу мақсатында оқушылар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сұрақтарына жауаптар берілді.
Қоғамда кездесіп жатқан түрлі теріс діни ағымдардан жастарды сақтандыруды мектеп қабырғасынан бастаған маңызды. Өздерін қызықтыратын сан қилы сұрақтардың жауабын іздейтін жасөспірімдік кезең мектептен басталатындықтан, оқушының рухани сұранысына дер кезінде кәсіби мамандардың толымды жауап беруі келеңсіздіктің алдын-алуға сөзсіз жәрдемдеседі.