02
февраль
2024
«Біздің бақытты отбасы»
"Т.Әубәкіров атындағы № 43 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ДТІЖО Р.Т.Аманованың ұйымдастыруымен жоспарға сай «Әжелер кеңесінің» кезекті іс-шарасы өткізілді. «Әжелер кеңесі»-нің төрайымы Р.Султанова «Біздің бақытты отбасы» тақырыбында 8-10 сынып қыздарының қатысуымен отбасылық іс-шара өткізді. Іс-шара барысында қыз-балаларға түрлі сұрақтар қойылып, отбасы туралы өлеңдер айтылып, ойындар ұйымдастырылды. Іс-шара соңында ДТІЖО Р.Т.Аманова өнегілі тәрбиелі қыз бала қандай болу керектігі және қыз өмірдің қызғалдағы,қыздар болашақ ана,бақыт байлық ошағы,адамзаттың өсіп-өркендеп,тәлім тәрбие алатын қасиетті ұясы екендігін түсіндірді. Қыздар тәрбиесі арналған кеңестер берілді.