06
сентябрь
2023
“Қазақ елі”
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы "Т.Әубәкіров атындағы N43 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
5 қыркүйек - Қазақстан халқы Тілдері күні мерекесіне орай мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі ұйымдастыруымен "Тіл мәртебесі -ел мәртебесі" тақырыбындағы онкүндік іс-шараның ашылу салтанаты өткізілді. Іс-шараның шымылдығы “Қазақ елі” әнімен ашылып, мектеп директоры М.П. Аккулиевтің ізгі тілек, құттықтауымен жалғасын тапты. Мереке Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы баяндамамен жалғасты. 5-сынып оқушыларының орындауындағы “Қара жорға” биі мерекеге өзгеше әр берді. 6,7,8,9- сынып оқушылары, қаламгерлер қаламынан туындаған ана тіліміз туралы өлеңдерді тарту етті.