
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "Т.Әубәкіров атындағы N43 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 10 күндік жазғы лагерьдің жұмысы жалғасын табуда. 02.06.2023ж. күні 4 маусым Рәміздер күніне орай іс-шара өткізілді. Іс-шарада лагерге қатысушы оқушылар Рәміздер туралы тақпақтарын, мақал-мәтелдері мен әндерін шырқады. Концерттік бағдарламадан соң асфальтке суреттер салды.