28
апрель
2023
" 1 Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні"
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "Т.Әубәкіров атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ДТІЖО Р.Т.Аманованың ұйымдастыруымен " 1 Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні" тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.
⠀
Жиынды мектеп директоры М.П.Аккулиев ашып беріп, көпшілікті мерекемен құттықтай келе елімізде 132 - ден астам ұлт өкілдері тұрады, олармен тату - тәтті ынтымақта өмір сүреміз. Біздің ұлтымыз - қазақ, және де әзірбайжан, қытай, орыс, белорус, өзбек, кәріс, башқұрт, т. б. өзге ұлт өкілдерімен де дос екенімізді айтып өтті. ДТІЖО Р.Т.Аманова «Ынтымақ - достық кепілі»,«бірлік бар жерде бақыт бар». Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Адам жүрексіз өмір сүре алмайды. Отан - біздің туған жеріміз, өзіміздің туған - туысқанымыз, дос - жаранымыз бен тұратын еліміз екендігін айтып өтті.
⠀
Мақсаты: Оқушыларды ынтымақтастыққа, достыққа, өз отанын сүюге, қорғауға, көпұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға атсалысатын азамат болуға тәрбиелеу.