
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, "Т. Әубәкіров атындағы #43 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 10.04.2023 ДТІЖО Р.Т.Аманованың ұйымдастыруымен АӘ және ТД пәні мұғаліміА.Алибаевтың қатысуында "Діни экстремизмнің алдын алу" тақырыбында 7-10 сынып оқушыларымен жиналыс өткізілді.
⠀

Жиналыс барысында қоғамда болып жатқан жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтар, қылмыс пен жаза, діни экстремизм, теріс ағымдағы оқиғалар, жеткіншектердің зиянды әдеттері туралы сөз қозғалды.
⠀

Отбасындағы тәрбие мен білім ошағындағы әдеп пен мәдениетке де тоқталып өтілді.
⠀

Аталған тақырып бойынша сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар да тыңдалды.
⠀

Мақсаты:

⠀
Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу, қылмыс пен жаза, діни экстремизм, теріс ағымдағы оқиғалар, жеткіншектердің зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру.



