
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "Т. Әубәкіров атындағы №43 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ДТІЖО Р.Т.Аманованың ұйымдастыруымен мектеп инспекторы Б.Алиевтың қатысуында «Зиянды заттардан сақтан » тақырыбында 8-11 сынып оқушыларымен жиналыс өткізілді.
⠀

Жиналыс барысында жасөспірім оқушыларға есірткі, темекі және тримадол, пропофол препараттарының ағзаға тигізер әсері және одан туындайтын ауру түрлері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
⠀

Мақсаты:

⠀
Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту.



