
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "Т. Әубәкіров атындағы №43 жалпы орта мектебі "коммуналдық мемлекеттік мекемесінде беру Қосымша білімпедагогтарының апталығының ашылу салтанатты жиыны өткізілді.
⠀

Іс шараны мектеп директоры М.П.Аккулиев ашып беріп, оқушыларға сәттілік тіледі. ДТІЖО Р.Т.Аманова апталықтың ашылуына арнап құттықтау сөз сөйледі. ДОІЖО Р.Сарманова өз құттықтау сөз кезегінде оқушыларды апта бойындағы шараларға белсене қатысуға шақырды.
⠀

Шара барысында "Наз" бишілер тобы майыса би билеп, Мекембаев Бағдәулет әннен шашу шашты. Оқушылар ақын-жазушылардың өлеңдерін жатқа оқып, мақал-мәтел айтып жарысты. Жаңылтпашты жаңылмай айтып, жұмбақтар шешіп тастады.
⠀

Шара барысында сұрақ-жауап ойыны ойнатылып, оқушылар берілген сұрақтарға мүдірмей жауап беріп алғырлықтарын көрсетті және кішігірім сыйлықтар ұтып алды.
⠀

Мақсаты:

⠀
Оқушыларды оқып – үйренудегі белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту, отан сүйгіштікке, әсемдікке, тапқырлыққа тәрбиелеу; Оқушыларды ұжымдасып жұмыс істеуге баулу; Білімдерін одан әрі жетілдіруге дамыту; Тілін, елін сүйе білуге үйрету. Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануына бағыт-бағдар беру.
Видео сілтеме:
https://www.facebook.com/100029911025581/videos/731661931858794/

























