03
февраль
2023
"Құқық бұзушылық және оның алдын алу"
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "Т. Әубәкіров атындағы №43 жалпы орта мектебі "коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 9.11.2022ж ДТІЖО Р.Т.Аманованың ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушыларымен "Құқық бұзушылық және оның алдын алу" тақырыбында жиын өткізілді.
⠀
Жиында ДТІЖО Р.Т.Аманова бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу керектігін, бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отырғанын айтып өтті.
⠀
Дегенмен, еңбек тәртібін сақтап, заңды құрметтеп, тыныш жүрсе, одан ешкім де ұтылмайтынын айтып, өз сөзін аяқтады.
⠀
Мақсаты:
⠀
Оқушыларға құқықбұзушылық туралы терең түсінік беру. Оның түрлері, себептері мен салдарын ұғындыру.