Материалы за 26.01.2024 » Общеобразовательная школа им.Аубакирова. Мақтаарал ауданы. Мактааральский район
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Біз бақытты баламыз "
26
январь
2024
"Біз бақытты баламыз "
 Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты  Т.Әубәкіров атындағы N43 ЖББМ КММ-де "ДосболLIKE" акциясы аясында  тәрбие ісі орынбасары С.М.Жакупованың басшылығымен бастауыш сынып оқушыларына "Біз бақытты баламыз " тақырыбында 4 сынып оқушылары қабырға газеттерін шығарды. көрмесін ұйымдастырды. Оқушылар бірігіп әдемі де мағыналы суреттер салды. Мақсаты :Оқушылардың зорлық-зомбылық туралы түсінігін молайту. Бақытты балалық шақ ұғымын қалыптастыру жұмыстарын жүргізу.
«Жер сілкінісі және зілзалалардың қауіп-қатерлерін азайту»
26
январь
2024
«Жер сілкінісі және зілзалалардың қауіп-қатерлерін азайту»
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, "Т.Әубәкіров  атындағы №43 жалпы білім беретін мектеп" КММ-де  ДТІЖО Р. Т. Аманованың ұйымдастыруымен 23 қаңтардағы N202 бұйрығына сәйкес   «Жер сілкінісі және зілзалалардың қауіп-қатерлерін азайту» тақырыбында  штабтық оқу жаттығу шарасы өткізілді. АӘД пәні мұғалімі А.Алибаев және ДТІЖО Р.Т. Аманованың ұйымдастыруымен мектеп оқушыларын ғимараттан шығару жоспар схемасы таныстырылды, авариялық шығу жолдары, жүру маршруттары, қауіпсіз алаңдарды көрсетті.
Армандар гүлі"
26
январь
2024
Армандар гүлі"
Түркістан обласы, Мақтаарал ауданы, Т.Әубәкіров атындағы №43 жалпы орта мектеп коммуналдық  мемлекеттік мекемесінде   Кәсіптік бағдар беруші педагогы Д.Хасанова 11 сынып оқушыларына  "Армандар гүлі" тақырыбында тренинг өткізді.  Мақсаты: Оқушыларға стресстік жағдайларды жеңе білуге және  Ұлттық біріңғай тестілеу кезіндегі өздеріне сенімділіктерін арттыра түсуге көмектесу.